«Азаттық» радиосы хабарлағандай сот шешімен Астана іргесіндегі Өндіріс және Кирпичный кенттерінің шетінен үй салған 150-ден астам жер үй заңсыз деп танылған. Тұрғындардың айтуынша оларды Астана әкімшілігімен байланысы бар адам алдап жалған құжат сатып кеткен. Сотқа бізді шақырмадыда, дейді тұрғындар. Сондықтан үйлерді тастамаймыз, дейді олар. Үй иелерінің белсендісі Гүлмира Сәрсенбаеваның айтуынша олар сотқа бармаймыз деп келіскен, бірақ әкімшілік уәдесіне сенуден қалдық, сондықтан өз қолымен сотқа шағым жаздым, дейді Гульмира Сәрсенбаева:
- Қарап отырмайдығой халықтың бәрі көтеріледі. Екінші Шаңырақ болмасын деп қорқамыз. Бірақ халықтың бәрі ызалы. Ешқандай жерді бермейміз. 10 наурыз күні Мәмин келді. Ауызша сөз айтып кетті, Ильинкадан жер береміз деп. Бірақ әлі ешқандай шешім жоқ, жазбаша жауап берген жоқ.
Сотқа шағымданушылардың азаматтық қорғаушысы Зауреш Батталованың айтуынша әкімшілік өкілдері ауызша сөздерінде шығынды өтемей ығыстырмаймыз деп уәде берген, бірақ жазбаша құжат жоқ дейді ол:
- Теледидардан әкім осы жауапты айтып отыр. Бірақ бұл ауызша жауапты пайдаланып бұл тұрғындар өз құқын қорғай алмайды.
Ал Астана әкімшілігі атынан сотқа қатысқан өкіл Аян Түсіпбаевтың айтуынша жазбаша жауап бар. «Оны сол даулы ауылдар орналасқан Астананың Сарыарқа ауданының әкімінің орынбасары Кабельдин жазған», дейді ол. «Оның үстіне Кабельдин осы мәселемен айналысып келеді және ол мүлікті заңдастыру жөніндегі әкімшілік комиссиясының төрағасы», дейді Астана әкімшілігінің өкілі Түсіпбаев.
Осы тұрғындарға көмек ұсынып отырған «Жер тағдыры» қозғалысының өкілдері болса, Қазақстан конституциясында әр Қазақстан тұрғынына жер тегін берілу керек деген бапты алға тартып отыр. Бірақ, осы құжатта жазылғандай жер бөлу мәселесін жергілікті әкімшіліктер шешеді. «Жер тағдыры» қоғамының хатшысы Хамзи Аймурзиннің айтуынша заңдағы қарама қайшылықтың кесірінен біреулер пайда тауып қарапайым халық ұтылып отыр:
- Артында коррупция тұр деп есептеймін. Әкім өзінің түсіп тұрған ақшасын біреуге бергісі келе ме? Ол жерде ол күніне 5 мың доллар тауып тұрған шығар, ертең бір нәрсе салса. Халықты ойламайды ешқайсысы.
Сотқа шағымданушылардың азаматтық қорғаушысы Зауреш Батталованың айтуынша даудың басталуына әкімшіліктің өзі кінәлі:
- Құрылыс басталғанда оларға сала беріңдер салып болғанан кейін мүлік арқылы құжатарыңды аласыңдар деп ауызша берген осы әкімшілік.
Үй иелерінің белсендісі Гүлмира Сәрсенбаеваның айтуынша тұрғындар жерден мүлде кетпейміз деп отырған жоқ:
- Халықпен ақылдасып шешкенбіз. Бізге 10 сотка жер беретін болса, өтемақы төлейтін болса және машинамен жағдай жасаса біз барамыз. Бұл жерде құжатсыз отырған қандай, құжатпен отырған қандай? Соғанда келісіп отырмыз.
Ал, Астана әкімшілігі атынан сотқа қатысқан өкіл Аян Түсіпбаевтың айтуынша бұл мәселе бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. «Әкімшілік бос отырған жоқ, әсіресе Өндіріс кенті тұрғындарының мәселесі қатты қадағаланып жатыр. Бірақ мен қазір бұл мәселе бойынша жауап беруге құзыретім жоқ», деді ол.
Айта кететін жайт, Астана әкімшілігі сотта айғақ ретінде көрсетіп отырған жалғыз жазбаша құжатта, «үйлер ығыстырылады, тұрғындар жерді босату керек» делінген. Бірақ, тұрғындар бізге Астана әкімінің нақты түсініктемесі бар жазбаша жауабы керек деп отыр.