Accessibility links

ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы Ортаазиялық 5 мемлекеттің басшыларымен кездеспекші


АЛМАТЫ: Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының төрағасы 10-14-інші сәуір күндері Орта Азия мемлекеттерінде сапарда болады. Ол туралы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының Алматы қаласындағы өкілдігі хабарлады. Аталған ұйымның атап көрсетуінше, оның қазір төрағасы болып табылатын Испания сыртқы істер министрі Мигель Анхель Моратинос сапар барысында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан президенттерімен кездеседі. "Қатарына 56 елді біріктірген мәртебелі ұйымның жұмысына Орта Азия елдерін мейлінше жақын тартуға осы ұйымға төрағалық ететін Испания айрықша көңіл аударады”,- деп хабарлайды Алматыдағы өкілдік.
XS
SM
MD
LG