Ресмилердің айтуынша, бүгін Бағдадтың оңтүстігіндегі Махмудия қаласында болған шабуылдан кемінде 15 адам қаза тапқан. Ал Бағдадта бір көлік жарылған, оның салдарынан 4 кісі мерт болған. Сонымен қатар, Адхамия аймағында орын алған жарылыстан бір полиция қызметкері опат болған. Бұған қоса, АҚШ әскерилері сенбі күні Ирақта 4 американдық сарбаздың қаза тапқанын хабарлады.