Бүгін Қырғызстан премьер-министрі Алмаз Атамбаев аштық жариялаған наразылық танытушылармен кездесті. Оппозиция белсенділері президент Құрманбек Бакиевтің қызметінен кетуін және конституциялық реформалардың жасалуын талап етуде. Премьер-министрдің айтуынша, ол наразылық танытушыларға конституцияға өзгерістер енгізу мақсатында құрылған арнайы топ өз жұмысына кірісіп кетті деген. Атамбаев, сондай-ақ, оппозиция белсенділерін коституциялық реформаларға байланысты мәселені диалог арқылы шешуге шақырды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Бір қадам алға, екі адым кейін
Kaspi.kz ақша аударымына салық салу. Билік ескі мәселені қайта көтерді
AzattyqTV