Бүгін 3-ші күнге созылып отырған № 5 жатақхана тұрғындарының аштығына байланысты тиісті мекемелерден әлі жауап болмай отыр. Мерзімсіз аштық жариялаған тұрғындардың бірі Назгүл Жүнісова біздің талабымыз орындалмаса, аштықты тоқтатпаймыз дейді.
- Бізге осы тұрып жатқан бөлмелерімізді жекешеге берсін. Бәріміз КазГАСА-ның қызметкерлеріміз. Мен өзім осында 1994 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатсам, соның 1998 жылынан бастап жекешелендіруге жылда құжат жинап келемін. Олар өздері уәде берген, - дейді ол.
Сондай-ақ, Назгүл Жүнісова аштық жариялауға амалсыздан барып отырмыз, өйткені осыған дейінгі жатақхана мәселесін реттеу әрекеттеріміздің барлығына академия басшылығы құлақ аспады дейді.
- Олар біздің жағдайымыздан хабардар. Бірақ, алдына барған тұрғындарды кіргізбейді. Бізге тек өкілдерін ғана жіберіп отырады. Өкілдері «шығыңдар» дегеннен басқа еш нәрсе айтпайды. Олар біздің жағдайымызды түсініп, ешқашан да дұрыс келісімге келген емес, - дейді Назгүл Жүнісова.
Ал осы жатақхананың басқа бір тұрғыны Айман Шопаева билік тиісті шаралар қолданбаса, өздерінің мұнан да зор әрекеттерге баруға дайын екендерін айтты.
- Егер аштық жасап жатқандарға үкімет не әкімшілік араласпайтын болса, біз бала-шағамызбен бірге үлкен алаңға, болмаса Астанадағы Бәйтеректің қасына барып, жатуға бел байлап отырмыз, - дейді жатақхана тұрғыны.
Сондай-ақ, Айман Шопаева аштық жариялауға алдымен 43 адамның ниет білдіргенін, бірақ денсаулықтарының нашарлығына байланысты олардың көпшілігінің мұндай тәуекелді әрекетке бармағанын айтты. Жатақхана тұрғындарының айтуынша, олар аштық жариялағандарын Бостандық ауданы басшылығы мен қалалық прокуратураға ескерткен. Ал оқиға орнына жедел жәрдеммен келген қалалық № 4 емхананың учаскелік медбикесі Таласкүл Құрманбаева «қазіргі жағдайда 13 адамның да денсаулығы мәз емес» дейді.
- Жаңа ғана бас дәрігеріміз тұрғындардың денсаулығын көріп кетті. Жағдайлары нашар десе болады. Әсіресе екеуінің денсаулығы. Кейбіреуінің қан қысымдары төмендеп кетсе, кейбірінікі жоғарылап кеткен. Барлығына көмек берудеміз, - дейді медбике.
Ал оқу орны басшылығы осы жағдай жайында қандай да бір мәлімет беруден бас тартып отыр.
Жатақхана тұрғындары «мұнан кейін де оқу орны басшылығы бізге тыныштық береді дегенге сенбейміз» дейді. Тұрғындардың бірі Нұрсара Смадиярова осы уақытқа дейін әлдекімдердің жатақхана бөлмелері есігін бұзуға келіп-кетіп жүргендігін, сондықтан да осы оқиғада әділеттілік жеңіске жетеді дегенге күмәнмен қарайтынын айтады.
- Бұған дейін де біздің бөлмелерге «Гостиница» Жабық акционерлік қоғамынан адамдар келіп, «осы жерге мейманхана саламыз» деп кеткен болатын. Онан кейін де басқалары бірнеше рет біздің мазамызды алып кетті. Балаларымыз тасыр-түсірден әбден қорқып бітті, - дейді Нұрсара Смадиярова.
№ 5 жатақхана тұрғындарының аштығы 4 сәуір күні кешкісін басталған болатын. Осы күні сот орындаушылары жатақхананы тұрғындардан босатпақшы болған. Алайда ашынған 30 шақты тұрғын сот орындаушыларын жатақханаға кіргізбей, бөлмелерін тастап кетуден бас тартқан еді. Тұрғындардың пікірінше, оларда жатақхананы жекешелендіруге байланысты құжаттар жеткілікті болғандықтан, жатақханада тұруға да, жекешелендіруге де құқықтары бар. Осыған байланысты қозғалған сот ісі 11 сәуір күні өз жалғасын таппақ.