Accessibility links

Киевте В.Ющенко мен В.Януковичті қолдайтын күштер қарама-қатар шеру өткізеді


КИЕВ: Саяси дағдарыс әлі жалғасқан Украина астанасында бүгін парламенттегі коалиция мен үкіметті қолдайтын күштердің және Украина президенті В.Ющенконың Жоғарғы Раданы тарату жөніндегі жарлығын қолдайтын жұрттың көшелердегі жаппай жиындары қарама-қатар өтуге тиіс. Президент В.Ющенко парламенттегі көпшілікті құрайтын коалицияны “конституцияны бұзды” деп айыптап, оны тарату және кезектен тыс парламент сайлауын өткізу туралы жарлық шығарған болатын. Жаңа парламент сайлауы 27-нші мамырға тағайындалып отыр. Бірақ үкімет төрағасы В.Янукович пен оның парламенттегі көпшілікті құрайтын одақтастары ол жарлықты орындаудан бас тартып отыр.
XS
SM
MD
LG