Accessibility links

3 айдың ішінде ғана Ресейде өзге ұлттардың 13 өкілі соққыдан қаза болды


МӘСКЕУ: Адамның құқын қорғайтын ұйымның Мәскеу бюросы Ресейде үстіміздегі жылдың алғашқы 3 айында өзге ұлт өкілдеріне қарсы шабуылдардың күрт арта түскенін мәлімдейді. Мәскеу бюросының басшысы Александр Бродты сілтеп көрсеткен Интерфакс агенттігінің хабарлауынша, осы 3 айдың ішінде өзге ұлт өкілдеріне қарсы 49 шабуыл жасалып, 13 адамның қаза тапқаны және 50 кісінің жапа шеккені тіркелген. Адамның құқын қорғайтын ұйымның мәліметі бойынша, 2006-ншы жылдың алғашқы 3 айында 2 адам құрба болып, 30 кісі жапа шеккен.
XS
SM
MD
LG