Accessibility links

Ресми Вашингтон мен Брюссель Иранды уранды байытудан бас тартуға шақырады


ВАШИНГТОН: Америка Құрама Штаттары мен Еуропа Одағы, БҰҰ-ы мен Ұлыбритания тағы да Иранды уран шикізатын байыту бағдарламасын тоқтатуға шақырды. Олардың мұндай үндеуі Иран президенті М.Ахмадинеджадтың Иранның уран шикізатын өнеркәсіп деңгейінде байытуға көшкені туралы кешегі мәлімдемесінен соң айтыла бастады. АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Шон МакКормак мәлімдегендей, Иранның уранды байыту бағдарламасын тоқтатудан бас тартуы – Иран халқының мүддесіне кесірін тигізеді. БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі Иранға қарсы бірқатар шектеу қолдану туралы Қарар қабылдаған болатын.
XS
SM
MD
LG