Accessibility links

Австралия Ауғанстанға жүздеген сарбазды қосымша аттандырып жатыр


Ауғанстанда қазір 550 Австралия сарбазы қызмет етеді. Австралия бас министрі Джон Ховард елдегі әскер саны жыл ортасына таман 950-ге жетеді, келесі жылдың ортасына таман шамамен мыңға жетеді деді. Әскер көбейтудің мақсаты – Талибан жағынан күшейіп кеткен шабуылдарға тойтарыс беру. Қосымша әскер жіберу Ауғанстан президенті Хамид Қарзай және АҚШ әскерінің басшыларымен келісілген.
XS
SM
MD
LG