Accessibility links

Мароккода 4 террорист пен 1 полиция қызметкері қаза тапты


КАСАБЛАНКА: Марокконың Касабланка қаласында полицияның қолына түсу қаупі төнген 3 террорист өздерін жарып жіберді, тағы бір террорист полицияның оғына ұшты. Шенеунектердің хабарлауынша, сейсенбі күні болған жарылыстың салдарынан полицияның 1 қызметкері қаза тапты. Бұл тінту операциясының мақсаты - өткен айда Касабланкадағы интернет-кафеде өзін-өзі жарып өлтірген жанкешті-террористің сыбайластарын ұстау болған көрінеді. Әлгі террорист полицияның қолына түспес үшін өзін-өзі жарып жіберген.
XS
SM
MD
LG