БЕЛГРАД: Сербия президенті Борис Тадич Косово өлкесіне тәуелсіздік беруге тағы да қарсы шықты. “Ассошиэйтед Пресс” агенттігіне берген сұхбатында серб президенті халықаралық қоғамның қадағалауымен Косово өлкесіне жартылай тәуелсіздік беру жөніндегі БҰҰ-ының жоспарымен келіспейтінін мәлімдей отырып, ресми Белградтың осы проблемаға байланысты екі жаққа да тиімді шешімге келуге дайын екенін атап көрсетті.