БІШКЕК: Бүгін қырғыз оппозициясы Бішкекте президент Қ.Бәкиевтің биліктен кетуін талап етіп, мезгілсіз митингісін бастайды. “Қырғызстанның жарқын болашағы үшін” біріккен майданы мен “Реформалар үшін” қозғалысы бұл шараға кем дегенде 50 мың адамды жұмылдырмақшы. Біздің жергілікті тілшіміздің хабарлауынша, оппозицияның 65 өкілі Бішкектің орталығындағы парламент маңында өздерінің саяси аштығын жалғастыру үстінде. Оның қарсаңында президент Қ.Бәкиев оппозицияны “келіссөзге отырғысы келмейді”, “билікті тартып алуды көздейді” деп айыптады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Азаматтық қоғамға – Алашорданың мүлкін қайтару. Төртеудің хаты