НЬЮ-ЙОРК: БҰҰ-ының Бас хатшысы Бан Ки-Мун Ауғанстанда жуырда ғана болған қантөгіске наразылығын білдірді. Тәліптер тұтқынға түскен ауған журналисін дарға асып өлтірген болса, жол бойындағы бомбаның жарылысынан НАТО әскерінің құрамында қызмет атқаратын канадалық 6 жауынгер қаза тапқан болатын. Бан Ки-Мун Ауғанстандағы қалыптасқан ахуалға өзінің зор алаңдаушылығын айтып, НАТО-ның басқаруына қарайтын халықаралық күштерді осы елдегі жағдайды қалпына келтіруге шақырды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV