Accessibility links

Ирақ пен Ауғанстандағы АҚШ жауынгерлері 12 ай емес, 15 ай қызмет етеді


ВАШИНГТОН: АҚШ-тың қорғаныс министрі Роберт Гейтс АҚШ жауынгерлерінің Ирақ пен Ауғанстандағы әскери қызметі мерзімінің 12 айдан 15 айға дейін ұзартылатынын мәлімдеді. Мұндай шешім, деп түсіндірді Пентагонның қожайыны, үстіміздегі жылдың қаңтарында президент Дж.Буштың жариялаған жаңа стратегиясын жүзеге асыру үшін қабылданып отыр. Жаңа стратегия АҚШ-тың Ирақ пен Ауғанстандағы әскерлерін күшейтуді көздейді. Осы стратегия бойынша, Бағдад қаласы мен Ирақтың басқа өлкелеріндегі қауіпсіздікті нығайту үшін АҚШ-тың қосымша 30 мыңдық әскері тартылады.
XS
SM
MD
LG