Тікелей эфирден теледидардан берілген хабарға қарағанда, парламент отырысының басында Құран сүрелері оқылған, және оған депутаттардың көбі қатыса алмаған. АҚШ әскерилерінің айтуынша, ол жарылыстан 1 адам құрбан болып, 22 кісі жарақат алған. Ал басында АҚШ әскері ол жарылыстан 8 адам құрбан болды, олардың арасында 2 депутат та болған деп хабарлаған тұғын. Бүгін Ирақ парламентінің спикері Махмуд әл-Машхадани депутат Мохаммед Ауадтің қаза болғанын хабарлады.