Accessibility links

Бүгін Мәскеудің орталығында оппозиция "Келіспейтіндер маршын" өткізбекші


Ресей президенті В.Путиннің қарсыластары "Другая Россия" коалициясының жетекшілері қатарында шахматтан бұрынғы әлем чемпионы Гарри Каспаров пен бұрынғы премьер-министр Михаил Касьянов бар. Олардың шеру өткізуге берген өтінішіне билік рұхсат бермеген. Билік қаланың қоғамдық тәртібін бақылауға 9 мың милиция мен арнайы жасақтар көшелерге шығады деп мәлімдеді. Шеруді ұйымдастырушылар Мәскеудегі наразылық акциясына 7 мыңдай адам жиналады, ал екінші халық көп шоғырланатын орын - Санкт Петербург қаласы болады дейді.
XS
SM
MD
LG