Бішкекте үкіметке қарсы наразылық шарасына қатысқан бір кісі полиция абақтысында қаза тапты. Нарын қаласындағы полицияның хабарлауынша, Бішкекте жалғасып жатқан наразылық шарасына қатысқан Бектемір Акунов Нарынға оралған кезде сенбі күні ұсталған. Полиция, сондай-ақ, Акунов өз камерасында асылып өлді дейді. Ал Акуновтың бауыры Омурбек оның асылып өлгеніне сенбеймін деп отыр.