Accessibility links

Арықтағысы келгендер үшін диетаның пайдасы бар ма?


Диета адамның арықтауы үшін жақсы тәсіл емес. Осындай қорытындыны Лос Анжелестегі Калифорния Университетінің психологы Трэйси Манн жасады. Ол өзінің зерттеу нәтижелерін “Американдық психолог” деп аталатын журналда жариялады. Оған сәйкес, арықтағысы келіп диета ұстаған адамдар алғашқы айларда айтарлықтай салмағынан айырылған екен, бірақ олардың көбі бес жыл ішінде бұрынғыдан да бетер семіріп кетіпті. Бұған қоса, неше түрлі диета ұстаған кісілер денсаулықтарын құртып, жүрек ауруы мен диабет және тағы басқа дерттерге шалдығуы мүмкін, дейді Манн.

Ендеше, адамның арықтауына диета көмектеспесе, онда артық салмақтан қалай айырылуға болады?

Психолог Манның айтуынша, ол үшін жаттығу жасау керек. Бірақ спортпен айналысқандар ұзақ уақыт бойы арық бола алады ма жоқ па, оны зерттеп көруім керек, дейді Манн.

Зерттеушінің атап көрсетуінше, жалпы адам организміне қажет болған тағамды жеуге тиіс және оның зияны жоқ десе болады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG