Accessibility links

Әлемдік банктің президенті Вулфовиц қызметтен кету ойы жоқ екенін айтты


Әлемдік банктің президенті Пол Вулфовиц бұрыннан келе жатқан әріптесі, банктің жоғары дәрежелі бір қызметкеріне өзіндік жеңілдік жасады деген дау-дамайға ілігіп отыр. Банктің қадағалау комитеті жексенбі күні Вулфовиц басқаруындағы аталған банктің болашағына деген алаңдаушылық білдірді.

«Мен бұл ұйымның болашағына сенімдімін. Және оның алдына қойған міндеттерін орындай алатындығына сенімдімін. Мұндай қолдау үшін менің көптеген тәжірибем болды», - деп атап көрсетті Вулфовиц.

Міне жексенбі, сәуірдің 15 күні осылай деп мәлімдеген Әлемдік банк жетекшісі өзінің бұл қызметтен кету ойы жоқ екендгін айқын аңғартты.

Ол бұл сөздерді банктің қадағалау комитеті алдында айтты. Ол комитетке әлем елдерінің қаржы министрлері мен басқа да ұйымдар жетекшілерінің 47-сі мүше болып табылады.

Комитеттің мәлімдемесінде қазіргі қалыптасқан жағдайда банктің өзінің алдына қойған міндеті мен қызметін орындай ала ма, оның беделі мен маңызына қаншалықты нұқсан келтірлді деген тұрғыда алаңдаушылық білдірілген болатын.

Қадағалау комитетінің мұндай сарында мәлімдеме жариялап, алаңдаушылық танытуы Вулфовицтің өткен аптада өзіне қатысты жанжалға байланысты ақталып, кешірім сұрағанын оншалықты жеткілікті деп таппағынан анық көрсетті.

Вулфовиц 12 сәуір күні банк қызметкерлерінен өзінің әріптесі Шаха Ризаның қызметтік өсу баспалдағында өзінің атқарған роліне қатысты кешірім сұраған болатын.

«Мен өзімнің инстинктіме сенбегеніме және өзімді келісімдерден тыс ұстағаныма өкініш білдіремін. Мен қателік жасадым, сол үшін де кешірім өтінемін», - деді ол.

Қалай болғанда бұл жанжал күрделі болып тұрғандықтан, банк басқармасы жеңіл тұрғыда шешім қабылдай алмайды. Вулфовиц өзінің Ризамен жақын қарым-қатынаста екендігін ешқашанда жасырып, құпия ұстаған емес. Вулфовиц банк басшылығына 2005 жылы келген кезде Риза осы банктің Таяу шығыс пен Солтүстік Африка бюросында қызмет еткен еді.

Вулфовиц банкке келген сәтте өзінің қарым-қатынасына орай мүдделер қақтығысы - қызмет бабын асыра пайдалануға жеткізбес үшін ол тұрғыдағы мәселелерді шешуде өзінің қалыс қалуын ұсынған болатын. Міне, осы процестің өзі Ризаны банктің одан жалақы алып отырған қызметкері болғанымен, оны банктен тыс қалдырған. Мұның орнына банктің Этика комитеті Вулфовицті өзінің әріптесін АҚШ мемлекеттік департаментіне ауыстыру ісін дайындауға қатыстырған, ал оның нәтижесінде Ризаның жалақысы 132600 доллардан 193590 долларға бір-ақ секірген. Сөйтіп, бұл АҚШ президенті кеңсесінің қызметкерлеріне берілетін жалақыдан артып кеткен.

Міне, осының бәрі Вулфовицтің мінез-құлқы туралы сұрақ тудырып қана қоймай, банк өз қандай қызметкерлеріне кепілдік береді деген де сауал тудырды. Нәтижесінде ұйымдасқан қылмыспен күресуге шақыратын ұйымның өзі оған берілетін несиелер мен ссуданы қалай жұмсап, қалай пайдаланды деген күмән келтірді. Әзірге банк бұл дағдарысты қалай шешетіндігін айтуға тым ертерек.

Дегенмен де сарапшылар түрлі пікірлер білдіре бастады. Вашингондағы Саясат орталығындағы Мұрагерлік қорында халықаралық экономиканы зерттеуші Бретт Шафер Вулфовицке қарсы пікірлер бұдан бұрын да, демек ол АҚШ-ның сол кездегі қорғаныс министрі Дональд Рамсфелдтің орынбасары болған уақытында Ирақ соғысын жоспарлауға қатысына байланысты да орын алған дейді.

Алайда Вулфовицтің банк президенті қызметіндегі жүргізген саясаты да оның өзіне қуатты жаулар табуына септігін тигізген. Ол банк басшылығына келе салысымен, осы банктен несие алатын елдердің біріндегі ұйымдасқан қылмысқа қарсы науқан бастаған болатын. Оның бұл қадамына банк ішінде де, одан сырт жерде де сын айтқандар табылған еді. Мәселен, 2005 жылы Вулфовиц Өзбекстанға арналған көмекке қол қоймай кері қайтарды. Бұдан соң Өзбекстан президенті Ислам Каримов өз елдіндегі әуе базасын АҚШ күштерінің пайдалануы хұқынан айырды. Ал Вулфовиц болса Каримовтың адам хұқтарын аяққа таптап отырғанына байланысты осындай шешім қабылдағанын айтқан еді. Енді Вашингтоннан естіліп жатқан хабарларға, қарағанда Вулфовицтің қазір банктің атқарушы кеңесімен түрлі деңгейдегі проблемалары орын алып, қарым-қатынасы күрделеніп тұр.

Кейбіреулер ол кез-келген уақытта банк президенттігінен кетірілуі мүмкін дегенді айтады. Ал енді біреулер болса, банк басқармасы оны соншалықты қысымға алып алған соң, оны қуыршақ бастық ретінде де ұстауы мүмкін деген болжамдар айтады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG