АҚШ полициясы Блексбург қаласында адамдарды атып өлтірген студенттің қылмысына не себеп болғанын анықтап жатыр. Оңтүстік Корея тумасы, 23-жасар Чо-Cьюң-xyэй дүйсенбі күні Виржиния технологиялық университетінде 32 адамды өлтірді. Ол Америка Құрама Штаттарына осыдан 15 жыл бұрын сегіз жасында келген екен, оның әке-шешесі осында көшіп келген. Чо-Cьюң-xyэй момын жігіт болған, бірақ оның өлім шақырған жазбалары студенттерге ерсі көрініп жүргені анықталды.