Бағдадта бүгін төрт бомба шабуылы жасалды, кемінде 75 адам қаза тапты, ондаған адам жарақат алды. Қарма қаласының маңында АҚШ әскері операция өткізді, бес күдікті азамат өлтірілді, 30 азамат қамауға алынды. Майсан провинциясында қауіпсіздік бақылауы Британия әскерінен Ирақ әскеріне өтті. Бас министр Нури Әл-Мәлики қауіпсіздікті бақылау өкілеттігі жыл соңына таман барлық провинцияда Ирақ тарабына өтеді деп мәлімдеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Қазақстан тәуелсіздігін жарияласын деп талап қойғандар неге қудалауға түсті?