Accessibility links

Украинада парламентті тарату мәселесінің дауы одан ары жалғасты


Киевте демонстрация өткізген мыңдаған адам Конституциялық соттың кіреберісін бөгеп, сот төрешілерін кеңсеге кіргізбеуге әрекет жасады. Ереуілшілер Украина президенті Виктор Ющенконың парламентті тарату шешімін қолдайды, Конституциялық сот коррупцияға қатты батқан, мәселені тәуелсіз шеше алмайды деп наразы. Сот төрешілері кеңсеге полиция көмегімен кірді, мәселе сотта қарала басталды. Президент Ющенко сот төрешілерінің бірі Сюзанна Станик 12 миллион доллар тұратын мүлік алды деп айыптады. Сюзанна Станик бұл жала деді, Украина бас прокуратурасы айыптың негізі жоқ деді.
XS
SM
MD
LG