Accessibility links

Қырғызстан президенті Құрманбек Бақиев Конституциялық сот құрамына үш жаңа төрешіні ұсынды


Олардың кандидатуралары парламентте қаралуға тиіс. Конституциялық сот конституцияға өзгерту жасау ұсыныстарын осыдан кейін ғана қарай алады. Бишкекте оппозиция ұйымдастырған митингтердің жалғасып жатқанына бүгін сегіз күн болды. Ереуілшілер Қырғызстан президенті Құрманбек Бақиев қызметінен кетсін, сайлау мерзімінен бұрын өтсін, конституциялық реформа жасалсын дейді. Елде сапармен жүрген АҚШ сыртқы істер министрлігінің жоғары өкілі Ивен Фейгенбаум барлық тарапты заң шеңберінен аспауға шақырды.
XS
SM
MD
LG