Accessibility links

Кеше Бағдадтағы болған жарылыстарда 180-нен астам адам қаза тапты


Ирақ полициясының айтуынша, тізбекті жарылыстар Бағдадтың шииттер тұратын аймағында орын алған, жарақаттанған азаматтардың саны 250-ге жетті. Әл-Садр аймағындағы базардағы жарылыстың өзі 140 кісінің өмірін алып кетті. Құрбан болғандардың көпшілігі балалар мен әйелдер. Тель-Авивтегі баспасөз мәслихатында АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс бұл қастандық шабуылдары Ирақтағы келісімді жойғысы келеді деп атап көрсетті.

- Менің ойымша бүгінгі бақытсыздық пен қайғыда шек жоқ, бірақ мұнда тағы бір нәрсені атап өту керек, ол терроршылар кінәсіз ерлер мен әйелдерді, балаларды өлтіруде, олар Ирақтың тұрғындарын, өз отандастарын өлтіру арқылы бәрін жоққа шығарғысы келеді, - деді Гейтс.
XS
SM
MD
LG