Accessibility links

БҰҰ-ның комиссиясы Орта Азия мен Каспий бассейні елдерін қарқынды экономика елдері деп бағалады


БҰҰ-ның Азия мен Тынық мұхит аймағына арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы Каспий бассейні мен Орта Азия мемлекеттерін экономикасы қарқынды дамып бара жатқан елдер деп атады. Кеше жарық көрген баяндамада Әзірбайжан экономикасы 2007 жылы кемінде 30 процентке өседі деп сипатталса, Түркменстан экономикасының даму қарқыны 14 процент деп, ал Қазақстан экономикасы 10,5 процент деп атап көрсетілген. Дегенмен де комиссия өзінің осы баяндамасында экономиканың мұндай табысты болуы мұнай бен газ, көмір сияқты бағалы табиғат байлықтарының арқасы екендігін де ескертіп өткен.

БҰҰ-ның Даму мен талдау саясатының нидерландылық директоры Роберт Вос өз ұлты өзін голландиялық ауру сарапшысы етіп отыр деп әзілдеген болатын баспсасөз мәслихатында. Оның мәнісі - табиғи қазба байлықтардан түкен кіріс пен табыстың өндіріс пен басқа да сала секторларына теріс қысым, әсерінен туындайтын проблемалар дегенді білдіреді.

Востың пікірінше, әзірге шикі мұнайдың әр баррелі 60 доллардан асып тұрған уақытта Орта Азия мен Каспий бассейні елдерінің алаңдаушылығына негіз онша көп емес. Егер олай болмаған жағдайда "голландиялық ауру" қаупі Әзірбайжан мен Қазақстан, Ресейде ең үлкен болады дейді ол:

- "Голландиялық аурудың" салдарынан болатын жайт, ол - экономикалық жүйенің түрленуін дағдарысқа тіреп, тоқырауға ұшыратады. Егер мұнай бағасы жақын жылдарда төмендеп кетсе, олар экономиканың қазіргі жеткен жетістігін ұстап тұру, тұрмыс деңгейін қалпында сақтау тұрғысында күрделі проблемаларға душар болар еді, өйткені олар оны басқаша дамыту әрекеттерін жасай алмайды, - дейді сарапшы.

Баяндамада көмірсутегі қорларына деген сенімділік Қазақстан экономикасына теріс әсер етті деген ескерту айтылады да, мұнай секторы мен басқа да салалардағы айырмашылық атап көрсетіледі. Сөз болып отырған баяндамада Әзірбайжанда мұнай мен мұнайхимия өнімдері 2006 жылғы экспорттан түскен барлық табыстың үштен бірінен көбін, демек 76,8 процентін құрағандығы жазылған.

2006 жылы Армения инфляция деңгейін 2,9 процент көлемінде ұстап тұра алған. Баяндама авторлары бұл елдер үкіметтері "голландиялық аурудың" қаупі жөнінде біледі, сондықтан да оның алдын алудың өзіндік шараларын қабылдады, бұл тұрғыда Ресей мен Әзірбайжан осы "голландиялық ауруды" айналып өту мүмкіндіктерін арттырды деп атап көрсетеді. Ал бірақ Қазақстанда бұл жағдай күмән тудырарлықтай деңгейде делінеді.

Қырғызстанда 2006 жылы экономиканың өсуінің 2,7 процент болғаны байқалған, оның алдындағы жылы керісінше құлдырап кеткен болатын.

- Орталық Азия елдерінде не болды десек, оларда не мұнай экспорты өте жоғары деңгейде, немесе ол елдерде өте жоғары қаржы айналымы бар, мәселен ол елдерде жұмыс істейтін шетелдіктер өз елдеріне ақша жібереді, әсіресе Ресей Федерациясында жұмыс істейтіндер, - дейід Вос.

Баяндаманы жазған авторлар инфляция деңгейі Орта Азия мен Каспий аймағында өте жоғары және ол өсу үстінде, бұл қатарға тек Арменияны ғана қосуға болмайды дейді.

БҰҰ-ның комиссиясы Азиядағы гендерлік дискриминация және оның экономикаға теріс ықпалы жайында да атап көрсеткен. Дегенмен де, Азияның кейбір бөліктері мен Тынық мұхит аймағынан гөрі Орта Азия мен Каспий бассейнінде бұл тұрғыда жақсы жаңалықтар бар делінген хабарламада.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG