Accessibility links

Тәліптер кепілдіктегі екі француздың өмірін сақтап қалуға Франция мен Кабулға бір апта уақыт берді


Тәліптер тұтқындағы екі французды аман-есен босату үшін Франциядан әскерлерін бір аптаның ішінде Ауғанстаннан шығаруды, ал ауған үкіметінен түрмедегі бірнеше тәліпті босатуды талап етті. Кабулдың маңайында 1100 жасағы орналасқан Франция қойылған талаптарды зерттеп жатырмыз деді. Ауғанстан президенті Хамид Қарзай италияндық журналисті талибандықтарға алмастырып босатқаннан кейін, мұндай айырбастау әрекетіне енді бармайтындығын мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG