ТАЯУ ШЫҒЫС: Бүгін Израиль армиясының Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы Наблус қаласында жүргізген тінту операциясының барысында Палестинаның 2 азаматы оққа ұшты. Палестиналық ақпарат көзінің хабарлауынша, экстремистік “Әл-Ақса азап шегушілерінің бригадасы” тобының 2 мүшесі өздерін ұстамақ болған кезде қарсылық көрсеткен көрінеді. Атыс кезінде 1 еврей жауынгері жеңіл жараланған. Ал сенбі күні Палестина территориясында тағы 6 азамат, оның ішінде 17 жастағы бойжеткен қыз оққа ұшты. Бұл – Батыс жағалау мен Газа аумағындағы осы жылы болған ең үлкен қырғын болды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?