Accessibility links

Израиль Иранға дипломатия жолымен ықпал етуді көздейді


ТЕЛЬ-АВИВ: Израиль премьер-министрі Эхуд Ольмерт Иранның ядролық бағдарламасына келгенде соғыс операциясын емес, дипломатияны қалайтынын мәлімдейді. Баспасөзге бүгін берген сұхбатында Э.Ольмерт Иранның ядролық бағдарламасын жабуға деген халықаралық қоғамның іс-әрекеті өз нәтижесін беруге тиіс деп атап көрсетті. БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі уран шикізатын байыту жұмыстарын тоқтатудан бас тартпағаны үшін Иранға жаза қолдану туралы 2 Қарар қабылдаған болатын. Батыс елдері және Израиль Ираннан ядролық қару жасап алуды көздейді деп күдіктенеді.
XS
SM
MD
LG