Accessibility links

Ресей – Иранның “сенімінен айрыла бастады”


ТЕҺРАН: Иран Бушер мекені маңындағы атом-электр стансасы құрылысының тоқтап қалғаны үшін барлық жауапкешілікті Ресейге жүктеп отыр. Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі Мохаммад Әли Хосейни мәлімдегендей, Ресей “сенімнен шыға бастады”. Мәскеуде осы проблема бойынша Ресей-Иран келіссөздері өтіп жатыр. Бушердегі атом-электр стансасын салып жатқан ресейлік “АтомСтройЭкспорт” компаниясының мәлімдеуінше, барлық проблема қаржыландыру мәселесіне тіреліп тұр. Иран жағы болса, барлық қаржыны дер кезінде төлегенін мәлімдейді.
XS
SM
MD
LG