Accessibility links

Франциядағы президент сайлауында Н.Саркози мен С.Руаяль екінші турға шығатын тәрізді


ПАРИЖ: Францияда бүгін өтіп жатқан кезекті президент сайлауының барысында өткен 4 сағаттың ішінде сайлаушылардың 31 пайызы дауыс беріп үлгерді. Бұл соңғы президент сайлауына қарағанда 10 пайызға артық. Қоғамдық сауалнаманың мәліметі бойынша, оңшыл саясаткер Николя Саркозидің жеңіс жету мүмкіндігі басым саналады, Социалистік партияның үміткері Сеголен Руаяль мен центрист Франсуа Байру оның ізінше келеді. Бірақ, әлеуметтанушылардың пікірінше, миллиондаған сайлаушы әлі кімге дауыс берерін білмей отыр.
XS
SM
MD
LG