Accessibility links

Ирақтағы ахуалға арналған конференцияға Иранның қатысуы мүмкін


ЛОНДОН: АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс Иранды Ирақтағы қантөгісті тоқтату тақырыбына арналған халықаралық конференцияға қатысуға шақырды. Бұл конференция 1-4-інші мамыр күндері Мысырдың Шарм Әш-Шейх курортында өтуге тиіс. “Файнэншл таймс” газетінің бүгінгі санында жарық көрген сұхбатында К.Райс ханым, сонымен қатар, “Американың сыртқы саясаты Иранның қазіргі саяси режимін құлатуды көздемейді” деп мәлімдеді. Жексенбі күні Иранның сыртқы істер министрлігі ресми Теһранның Мысырдағы конференцияға не қатысу, не қатыспау туралы әлі шешім қабылдамағанын хабарлаған болатын.
XS
SM
MD
LG