ЛЮКСЕМБУРГ: Еуропа Одағының сыртқы істер министрлері БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі қабылдаған Қарарға сәйкес, Иранның ядролық бағдарламасына байланысты оған қарсы жаза қолдануға ресми түрде келісті. Бүгін Люксембургке жиналған министрлер БҰҰ-ының өткен желтоқсандағы Қарары бойынша, шетелге шығуға шектеу қойылатын Иранның ресми тұлғалары мен ұйымдарының “қара тізімін” мақұлдады. Бірақ Еуроодақтың “қара тізімі” әлдеқайда көп адамды қамтиды. Еуроодақтың сыртқы саясатының басшысы Х.Солана бүгін Иранның ядролық бағдарламасы бойынша Теһранмен арадағы келіссөздің сәрсенбі күні Түркияда қайта жалғасатынын растады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Таяу Шығыс
Соғыс өрті шарпыған Газа халқының өмірі
-
Азаттық зерттеуі | 5-бөлім
Дубайдағы Қазақстан: араб жеріндегі "қазақ үкіметі"
-
Сарапшымен сұхбат
Газадағы соғыс Орталық Азияның қауіпсіздігіне қалай әсер етеді?