Accessibility links

Милицияның Мәскеу мен С.-Петербордағы “Келіспейтіндердің маршын” күштеп таратуын ресейлік адам құқын қорғаушы “заңсыз” деп бағалады


МӘСКЕУ: Ресей президентінің адамның құқы бойынша белгілі кеңесшісі Элла Памфилова саяси оппозицияның 14-15-інші сәуірдегі наразылық шеруін күштеп қуып таратқаны үшін ішкі істер министрі Рашид Нұрғалиевтен қызметінен кетуін талап етеді. Күнделікті “Коммерсантъ” газетіне берген сұхбатында Э.Памфилова Мәскеу мен С.-Петербордағы “Келіспейтіндердің маршы” атты наразылық шеруіне шыққан халықты милицияның дүрелеп, ұстап алып кетуін “заңсыз” деп бағалады. Сейсенбі күні Мемлекеттік дума ішкі істер қызметкерлерінің шексіз іс-қимылын тергейтін арнайы комиссия құруға тиіс.
XS
SM
MD
LG