Accessibility links

АҚШ президенті Джордж Буш "Үлкен сегіздік" саммитіне қатысады


АҚШ президенті Джордж Буш Германияда 6-8 маусым күндері "Үлкен сегіздік" ұйымының саммитіне қатысады деп жарияланды. Саммитте экономкиалық және саяси мәселелер, қауіпсіздік мәселелері талқыланбақ. Саммитте Британия, Канада, Франция, Италия, Жапония, Ресей және Америка Құрама Штаттарының жетекшілері бас қосады. Джордж Буш Еуропа сапарында, сол сияқты, Чехия, Польша, Ватикан, Италия, Албания және Болғарияға кіріп шықпақ. Буш Чехияда президент Вацлав Клауспен және бас министр Мирек Тополанекпен кездеспек.
XS
SM
MD
LG