Accessibility links

Ельцинді жерлеуге байланысты Ресейде бүгін аза тұтылуда


Ресейдің бұрынғы президенті Борис Ельциннің мәйіті Мәскеудегі Новодевичи қабірханасына қойылды. Оны соңғы сапарына шығарып салу рәсіміне Ресей ресмилері мен шетелдік мәртебелі қонақтар қатысуда. Олардың арасында Ресей президенті Владимир Путин, бұрынғы совет президенті Михайл Горбачев және АҚШ-тың бұрынғы президенттері Джордж Буш пен Билл Клинтон да бар. Құтқарушы Иса кафедралдық шіркеуіне Ельциннің денесі сейсенбіден бері қойылған.
XS
SM
MD
LG