МӘСКЕУ: Бүгін Ресей президенті В.Путин Федералдық жиналыста жыл сайынға жолдауымен сөз сөйледі. Бұл жолдауын В.Путин өзінен бұрынғы президенттің атқарып кеткен тарихи қызметін сипаттаудан бастады. Содан кейін Ресей президенті елдің экономикалық жетістіктеріне тоқталып, елдегі саяси оппозиция мен, оның өз пікірінше, Ресейдің “ішкі істеріне араласуға тырысып баққан” бірқатар шет мемлекетке дүрсе қоя берді.