Бұған дейін талай әңгіменің арқауы болған оң жақ рульді автокөліктердің тағдыры бейсенбі күні Алматыда қайта көтерілді. Жаңадан құрылған автокөліктердің тәуелсіз одағы оң жақ, сол жақ рульді көліктердің, тіпті жаяу жүргіншінің жол қауіпсіздігі үшін күресетіндерін айтады.
«Оң жақ рульді көліктерді Қазақстанға кіргізуге тиым салынған өткен 4 ай ішінде Жол комитеті басшысының өткен жылы Қауіпсіздік кеңесінің жиынында айтқан мәліметін жоққа шығаратын деректер жинадық. Оң жақ рульді көліктердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларына қатысты жол полициясының президентке жалған ақпарат беруіне не себеп болғанын білгіміз келеді. Сондықтан комиссия құруды ұсынып отырмыз. Оған депутаттар, автокөлік иелері, заңгерлер және ресми орган өкілдері кірсе, біздің мұндай бастамамызды 200 мыңға жуық оң жақ рульді көлік иелері мен депутаттар қолдайды деп сенеміз. Өйткені, VІ Еуразиялық медиа форумда депутат Дариға Назарбаева күш құрылымдарының президентке оң тізгінді көліктер жолдардағы апаттардың негізгі себепшісі болып табылады деген жалған ақпарат беру себептерін анықтауға ұсыныс жасаған болатын», деді жаңа одақтың президенті Эдуард Эдаков.
Оның айтуына қарағанда, ҚР ІІМ соңғы он жыл ішінде жол қауіпсіздігінің алдын алуға бағытталған бірде-бір бағдарлама дайындамаған.
«Біздің қоғамдық ұйым өз бағдарламасын дайындап оны ұсынуға әзір», дейді Эдуард Эдаков.
Автокөліктердің тәуелсіз одағы өкілдерінің дерегі бойынша, 2006 жылы Қазақстанда оң жақ рульді автокөліктер кесірінен - 793, ал сол жақтан басқарылатын көліктердің қатысуымен - 15245 жол көлік оқиғасы орын алған. Одан оң жақты көліктен – 1040, сол жақтан басқарылатын көліктерден - 18349 адам зардап шегіп, 240 адам оң жақты көлік кесірінен, ал сол жақты көліктен - 4031 адам көз жұмған. Бұл деректер оң жақты рульге қатысты президентке жеткен ақпараттан 20 есеге аз. Эдуард Эдаков бұл ІІМ мәліметі екендігін алға тартады.
Аталмыш одақтың белсенді Григорий Кременецкий көліктің рулін ауыстыруды оны шағырған компаниялар да құптамайды деп отыр. Ол бұл туралы Алматы қалалық қалалық жол полициясы басқармасының бастығы Бақыткелді Айқымбековтің Токиодағы «Мitsubishi Motors Corporation» компаниясының диллері «Автогранд» ЖШС-не жіберген хатына жауапта айтылған. Онда жапондық корпорацияның Токиодағы зауыты диллерлік қызмет көрсету орталықтарында қауіпсіздік нормаларына сай келмегендіктен көлік рулін ауыстыруға тиым салатыны айтылған. Өкінішке орай бұл хатты олар президенттен жасырып отыр, дейді.
Жаңадан құрылған автокөліктердің тәуелсіз одағының өкілдері үкіметтің шешіміне қарсы түрлі назаралық шараларына шығып, алдағы мамыр айында рұқсат етілген жиын өткізбекші.