Accessibility links

Тәжікстанда ислам экстремизмін іздеудің қаншалықты негізді, әділ екендігіне алаңдаушылық бар


Тәжік билігі консервативті мұсылмандарға қарсы тағы бір науқанды бастап, бұл жолы олардың жергілікті діни орталықтарын жабуды көздеп отыр. Мұның алдында мектептерде қыз балалардың бастарына орамал тартуына тиым салынып, оншақты мешіт жабылған болатын.

Осылайша Тәжік билігі ислам эктремизмінің алдын-алып, оған қарсы күрес жүргізіп жатырмыз десе, АҚШ мемлекеттік департаменті өзінің Адам хұқтары турасындағы жылдық есепті баяндамасында Тәжікстанда дін бостандығының қаншалықты сақталып отырғанына алаңдаушылық танытты.

Тәжік билігінің консервативті мұсылмандарға қарсы соңғы жүзеге асырған қадамдары негізінен жас ұрпақты нысанаға алып, соларды көздеген. İшкі істер министрлігі ел астанасы Душанбе қаласында сәуірдің 23-24 күндері балалар араб әліпбиін үйреніп, ислам негіздерін оқып жатқан оқу орындарына рейдтер өткізді. Бірқатар бала сол жерде бірнеше сағат бойына сұрақ-жауапқа алынып, артынан бірнеше сағаттан соң босатылған, олардың ата-аналары жас балаларды полицияның басқа жаққа алып барып ұстауларын рұхсат етпеген.

Душанбедегі Сино ауданының İшкі мәселелер бойынша департаментінің бастығы Шамсулло Махмұдов осы рейдтер үшін жауапты болған, ол мұғалімдердің балаларды ұрып-соққандығы айқын дегенді айтады.

- Біздің Жаббар Расулов көшесіндегі арнайы операцияларымыз барысында бірнеше жас баланың жабық есік жағдайында діни сабақ оқып жатқанын анықтадық. Біз ішке кіргенімізде ол жерлер адам шошырлықтай болды. Балалар тым қиын жағдайда ұсталған, олардың қарны аш, әзір нақты білмейміз, бірақ, мұғалімнің кейбірі балаларды азаптап, қинаған да болуы керек, - деді Шамсулло Махмұдов.

Бұдан бірер апта бұрын ғана Тәжікстан мектептері мен жоғарғы оқу орындарында қыздардың орамал салуға болмайтындығы да заңдастырылған болатын. Тәжіктер биліктің дінге қарсы мұндай күрестеріне қатысты өздерінің түрліше ой-пікірлерін білдірді. Олардың кейбірі Тәжікстан үкіметінің экстремизмге қарсы мұндай шаралары кең етек жайып, ол қате бағытта, дұрыс орындарда жүргізіліп жатқан жоқ деп бағалайды.

Өз аты-жөнін атағысы келмеген Душанбе тұрғыны: «біз балаларымызды жергілікті молда мен медреселерге ислам негіздерін білсін деп береміз. Демек, медреселер мен оқу орындары ондай экстремизм іздейтін орын емес. Жас баланың жаны тез еліктегіш, оларды исламға оқыту арқылы есірткіге үйір болу және басқа да жаман әдеттерден де сақтауға мүмкіндік береді. Ислам - өсіп келе жатқан ұрпақты бұзылу мен жаман әдеттерден ең жақсы қорғап, сақтайтын тура жол» дейді.

Дегенмен де тәжіктердің енді бірі мешіттер мен медреселерде ислам дінінің қалай оқытылатынына күмәнмен, сақтықпен қарайды. 22 жасар студент Муайо өзін ислам жолында жүрген жан ретінде суреттейді. Ол бірде мешіттен сатып алған компакт дискіде Исламдық хиджаб киген қыздарға ынталандыру болатындығы жайында жазылған насихат келтірілгенін айтады.

- Мұндай дискілердің таратылуына тиым салынуы керек. Осындай нәрселерді таныған қаншама жастар дұрыс бағыттан айырылады. Мен өз достарымның арасында көбінің осындайдан тек фанатқа, демек құлай берілушілікке айналып кеткенін білемін, - деген Муайо, егер сіз Ислам туралы оқып-білгіңіз келсе мұнда көптеген мүмкіндіктер бар, кітапханаларға баруға болады, білімді оқытушылары бар, тіркелген заңды медреселерде оқуға болады деген ойын ортаға салады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG