Accessibility links

БҰҰ-ның Бас хатшысы Чернобыль апаты аймағына халықаралық әлеуметтік және экономикалық көмекті қайта жаңғыртуға шақырды


Бүгін Чернобыль апатының орын алғанына 21 жыл толуын атап өту барысында жария болған арнайы хатта Бан Ки Мун апат әсер еткен аймақтарда өмір сүріп жатқан халықтың қалыпты тұрмыс жағдайына оралу мүмкіндіктері бар екендігін ғалымдар зерттеп жатыр, ендеше біз де оларға көмек қолын созайық деп атап көрсеткен.

«Бүкіл әлем мен оның тіршілік иелері Чернобыльда бұдан 21 жыл бұрын қандай қорқынышты, зардапты жағдай орын алғандығын ешқашанда ұмытуға тиісті емес, сонымен қатар біз болашаққа қарап, оның алдағы зардаптарын болдырмаудың, жоюдың жолдарын тынбай қарастыруымыз керек».

Міне осында ой мен тұжырым бұрынғы Совет Одағы кезеңінде Украинадағы Чернобыль атом электр станциясында орын алған апат жайында Бан Ки Мунның жарық көрген арнайы хатында айтылған. Ол апаттың әкелген салдарлары мен зардаптары өте үлкен болды.

1986 жылдың 26 сәуір күні Чернобыль атом электр станциясындағы 4-ші реакторда болған жарылыс Украина мен Беларус, Ресейдің көптеген аймақтарына қатты әсерін тигізді.

Апат орын алғаннан кейінгі алғашқы екі айдың өзінде радиация мен оның салдарларынан 31 адам көз жұмған еді. Чернобыльдың маңайында тұрған 300 мың адам осы уақыт аралығында өздерінің үй-жайларын тастап, басқа жақтарға қоныс аударуға мәжбүр болды.

Міне сол уақыттан бері ширек ғасырға жуық уақыт өтсе де, атом электр станциясының айналасындағы радиусы 30 шақырым болатын жер әлі де жабық аймақ болып есептеледі. 25 сәуір, сәрсенбі күні Украина президенті Виктор Ющенко Чернобыльдың маңайындағы аймақтар қолданысқа қайта енуі керек деп атап көрсетті.

Киевте сөйлеген сөзінде Виктор Ющенко Чернобыль аймағында тіршілік тамырының қайта жандана бастағанына өзінің көзі жететіндігін айтып, сондықтан да біртіндеп бұл аймақты дамыту мүмкіндігін қарастырып, оны қолға алуымыз керек деген болатын. Ющенко мұнда қолға алынатын бір жоба - ол табиғат қорлары туралы болуы керек деді.

Апат орын алғаннан кейінгі уақытта бұл аймақта адамзат баласының жетіспеушілігі болғанымен, тірі табиғат әлемі гүлденіп келеді. Сарапшылар мен қоршаған ортаны қорғаушыларының Чернобыль апатының салдарынан болатын өлім-жітім ұзақтық мерзімі қаншаға дейін созылады деген тұрғыдағы пікір-көзқарастары бір-бірінен ерекшеленеді.

БҰҰ атом электр станциясында орын алған апаттың радиация әсерінен қатерлі ісік ауруына шалдығып, қаза болатындар саны шамамен 9 мың адамға жетеді десе, басқа топтар бұл апаттың әкелген зардаптары салдарынан көз жұматын адамдар саны 200 мыңға дейін жетеді деп есептейді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG