Америкалық "Baker Hughes" компаниясы Қазақстан ресми өкіліне 4 миллион 100 мың доллар пара берді деп танылды. АҚШ прокуратурасы бұл ресми өкілдің аты-жөнін жарияламай отыр. 4 миллион 100 мың доллар пара Қарашығанақ мұнай алаңында негізгі контракт алу мақсатында екі жылдан астам мезгілде төленген екен. "Baker Hughes" компаниясы АҚШ заңын бұзғанын мойындады, 11 миллион доллар айыппұл төлеуге келісті, деп жариялады бүгін АҚШ әділет министрлігі.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі