АҚШ прокурорлары ол ресми өкілдің аты-жөнін жарияламады. Аталған компания “Қарашығанақ” мұнай кен орнында негізгі контрактқа қол жеткізу үшін екі жыл ішінде 4 миллион 100 мың АҚШ долларын пара ретінде берген. АҚШ Әділет министрлігінің ресмилері “Бэйкер Хьюс” фирмасы енді қылмыстық айыппұл үшін 11 миллион доллар төлеуге келісті деп хабарлады.