Accessibility links

Хавиер Солана Иранмен арада барлық мәселе бойынша тікелей сөйлесуге шақырды


Еуропа Одағы сыртқы саясатының үйлестірушісі Хавиер Солана Америка Құрама Штаттарына қайырылып, Иранмен арада барлық мәселе бойынша тікелей сөйлесуге шақырды. Хавиер Солана үндеуін Брюссель қаласында өткен НАТО ұйымының мәслихатында айтты. АҚШ әкімшілігің өкілі Гордон Джондрой Иранмен 27 жыл бойы қатынас жасамай келеміз, дегенмен сөйлесуге дайынбыз, тек Иран уран байытуын тоқтатсын деп жауап қатты. Еуропа Одағы мен Иран елдің ядролық бағдарламасы жөнінде мамыр айында келіссөз жаңғыртуға келіскен.
XS
SM
MD
LG