Accessibility links

Асқар Ақаевтың қызы Бермет парламент сайлауына түсе алмайды деп шешілді


Қырғызстан Жоғары соты қызметінен ығыстырылған президент Асқар Ақаевтың қызы Бермет парламент сайлауына түсе алмайды деп шешті. Осыдан екі жыл бұрын демократиялық революция кезінде елден отбасымен бірге қашқан Бермет Ақаева қайтып келіп, парламенттегі бос орынға сайлануға әрекет жасады. Алайда Кемин аудандық соты Бермет Ақаева сайлауға түсе алмайды, себебі оның кандидатурасы елде тұрақты тұру талабына сай емес деп тапқан. Жоғары сот осы шешімді құптады.
XS
SM
MD
LG