Шешенстанда Ресейдің әскери тікұшағы құлап, 18 адам құрбан болды. Ресей ақпарат агенттіктері мен ресмилері Шешенстанның Шатой аймағында жұма күні орын алған тікұшақ апатына не себеп болғандығы туралы қарама-қайшы хабарлар беруде. Кей хабарларға қарағанда, оны соғысушылар атып түсірген. Ал басқалары тікұшақ техникалық проблемаларға байланысты апатқа ұшырады дейді.