Шииттердің радикалды көсемі Мұқтада әл-Садр АҚШ президенті Джордж Бушқа мықты шабуылын бастады. Әл-Садр Ирақтан АҚШ әскерлерін шығарудан бас тартып отырған Бушты “үлкен жауыз” деп атады. Әл-Садрдың бұл мәлімдемесін оның туысы Лиқаа әл-Яссин парламент отырысында оқып берді. АҚШ Конгресі қазан айынан бастап Ирақтан АҚШ әскерлерін біртіндеп шығара беру керек деп бұйырған болатын, бірақ бұл шараға Буш вето қоямын деп мәлімдеді. Әл-Садр мен оның Маһди Армиясы Ирақтағы сектанттық шабуылдардың көбіне байланысты жауапты делінеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты