ТАМПА: Ирақтың ішкі қауіпсіздігі бойынша осы аптада өтетін халықаралық конференцияға Иран делегациясының қатысатыны туралы жаңалықты Ирақтың ресми өкілдері жылы қабылдады. Оған қоса Ирақтың Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Муаффақ Әр-Рубаи Мысырда өтетін осы конференция Иран мен АҚШ арасындағы қарым-қатынасты жақсартады деп үміттенетінін мәлімдеді. Ресми Вашингтон Иранды Ирақтағы көтерілісті қолдайды деп айыптап келеді, бірақ Әр-Рубаи Иранды олай деп айыптауға ешқандай айғақ жоқ деп мәлімдеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шығыс Қазақстан облысы
Кеніш үстіндегі Зайсан ауданының ауылдары неге газбен қамтылмай қалды?