Accessibility links

Бұдан былай тәліптер Ауғанстаннан да, Пәкістаннан да пана таба алмайды


АНКАРА: Ауғанстан мен Пәкістан президенттері Х.Қарзай мен П.Мушарраф терроризмге қарсы бірігіп тойтарыс беру туралы уағдаласты. Анкарада болып өткен келіссөздің барысында қол жеткен келісімге сәйкес, террористер 2 елдің бірінен де пана таба алмайды және оларға не Ауғанстанда, не Пәкістанда соғыс базасын құруына жол берілмейді. Оған қоса террористерді қаржыландыру жолдарына тосқауыл қою шаралары қабылданады. Х.Қарзай мен П.Мушаррафтың өзара келіссөзіне Түркия премьер-министрі Реджеп Эрдоган дәнекер болып қатысты.
XS
SM
MD
LG