КАБУЛ: Кеше Ауғанстанның батысында 1 мыңға жуық тұрғын АҚШ бастаған күштерді таяудағы шайқастардың барысында талай бейбіт халықты қырды деп айыптап, наразылық шеруіне шықты. Ауғанстанның Герат облысындағы Шинданд мекенінде 1 мыңға жуық ауғандық жергілікті биліктің кеңсесіне шабуыл жасады. Ауғанстандағы АҚШ бастаған халықаралық күштер өткен бірнеше күннің ішінде көптеген тәліптің көзін жойғанын мәлімдеді. Бірақ тәліптермен арадағы 2 шайқастың барысында қанша бейбіт халықтың қырылғанын хабарламады. Ол шайқастардың барысында әуеден де соққы берілген болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV