БАҒДАД: Бүкіл әлемдегі, оның ішінде ең алдымен Ирақтағы террористік қастандықтардың күрт өсуіне байланысты өткен жылы террорлық шабуылдардың саны 40 пайызға дерлік ұлғайды. “Халықаралық терроризм туралы” АҚШ-тың мемлекеттік департаменті жариялаған жылдық есебінде осылай делінеді. Оған сәйкес, өткен жылғы террористік қастандықтардан қаза болған 20 мың адамның 13 мыңы Ирақта көз жұмған. Өткен тәулікте Ирақта террористік шабуылдардан 60-қа жуық адам құрбан болып, 80-нен астам кісі жараланды. Бағдадта соңғы 2 күнде АҚШ-тың 4 жауынгері мерт болды. Жалғыз сәуір айында ғана қаза тапқан АҚШ жауынгерлерінің саны 100-ден асты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Баспасөзге шолу
Швейцарияға жеткен қазақ пен өзбектің алтыны Ресейдікі ме?