Accessibility links

Венесуэла лидері Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қоры шағын елдерді қанайды деп санайды


КАРАКАС: Венесуэла президенті Уго Чавес өз елінің Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банктің қаржылай көмегінен ресми түрде бас тартатынын мәлімдеді. Венесуэла лидері осы екі қаржы институтын “шағын елдерді қанайды” деп айыптады. У.Чавес президент болып сайланған 1999-ыншы жылы Венесуэла Халықаралық валюта қорының алдындағы барлық қарызын түгел өтеген болатын. Халықаралық валюта қоры Венесуэладағы кеңсесін өткен жылдың соңында жапты.
XS
SM
MD
LG